Алматы облысында КВИ жұқтырудың 72 жаңа жағдайы тіркелді


16 қараша күні таңертең Алматы облысында КВИ жұқтырудың 72 жағдайы тіркелді.
Сырқаттанғандардың ең көп саны Талдықорған қаласында – 26, ал ең азы Ақсу және Ескелді аудандарында бір-бірден тіркелді.
Аймақ коронавирустың таралу қарқыны бойынша” жасыл ” аймақта орналасқан, соңғы тәулікте 119 адам шығарылды. Ауруханаларда 942 адам емделуде. Бір тәулік ішінде өңір ауруханаларына 76 адам түсті. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі 49,7% – ды құрайды. Барлығы 1895 төсек. Реанимациялық бөлімшеде 35 пациент бар, оның ішінде ИВЛ аппаратында – 3 адам, реанимациялық төсек жүктемесі -18,6 % (188 төсек) құрайды.
Айта кету керек, бүгін халықты covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы ревакцинациялау туралы жаңа қаулы шықты.
Республиканың бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетованың қаулысына сәйкес, халық арасында covid-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ревакцинацияға жататын контингентті анықтау және осы бағыттағы одан әрі жұмыс істеу қабылданды.

Мәліметпен бөлісу: