Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті

Алматы облысында орталықтандырылған ауыз сумен қамту 86 %-ке жетті. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш (ҚР- бойынша – 55 %). Бұл мәліметтерді облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Брифингіде белгілі болғанындай, биылғы жылы Алматы облысында жалпы құны 9,9 млрд. теңге болатын 107 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 18 елді мекенге су құбыры жүргізіліп, 80-інде су сапасы жақсарады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мәліметпен бөлісу: