Алматы облысында «Руханижаңғыру» мобильді қосымшасы әзірленуде

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында SDU Технопаркінің басышысы Бахтияр Рахматоллаев мәлімдеді.

Ақпараттық технологиялардың дамыған тұсында тарихи-мәдени, рухани құндылықтарды, дәстүр мен әдет-ғұрыпты оқып-зерттеуге «Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы үлкен көмек береді. Сонымен қатар, бұл мобильді қосымша «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрсетілген Елбасының басты идеяларын өскелең ұрпаққа түсіндіретін бірден-бір тиімді құрал. Оны Android және Ios қолданушылары қолдана алады.

««Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жасалған жоба. Қазіргі уақытта мобильді қосымша толық аяқталуға жақын. Жобада тарихи орындардың фотосы мен картадағы геолокациясы көрсетіледі. Сондай-ақ, қосымшаның дизайны да әзірлену үстінде», – деді Б.Рахматоллаев.
Қосымшаның негізгі ақпарат қоры Алматы облысның аумағында орналасқан 36 тарихи-қасиетті орындары туралы үш тілдегі мәліметтерден тұратын болады. Қаситтті орындарды атап айтсақ, табиғи-ландшафты нысандар, архелогиялық және архитектуралық ескерткіштер, қасиетті діни және қажылық орындары, сонымен қатар тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға қатысты болып бірнеше критерийлер бойынша бөлінген.

Айта кеткен жөн, мобильді қосымшаны офлайн түрінде де қолдануға болады және аталмыш қосымша қараша айының соңында іске қосылмақ.

Мәліметпен бөлісу: