28 қазандағы жағдай бойынша облыста 55 096 зертханалық расталған КВИ жағдайлары тіркелген, оның ішінде 40 898 жағдайдың симптом белгілері бар.100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 2577,7 құрады, деп хабарлайды Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,3% – дан 0,2% – ға дейін төмендеді. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл – 0,4%, Қаратал – 0,3%, Панфилов – 0,3%, Ұйғыр – 0,3% аудандарында және Қапшағай-0,4%, Текелі-0,4% қалаларында байқалады.
Соңғы тәулікте КВИ 130 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,2%, оның ішінде 111 симптомдық және 19 симптомсыз жағдай.
КВИ анықталған 130 жағдайдың 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 11-і оқушыларда 4-еуі студенттерден анықталып отыр.
Айта кетеу керек, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 905 020 доза, 2 компонентінен 895 150 доза алынды.
Бүгінгі күні 805 214 (67%) адам вакцинаның бірінші компонентін алды, екіншісімен 726 724 (61%) тұрғын егілді.