Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 07. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алматы облысында студент ауылда жылдам тамақтандыру орталығын ашты

Алматы облысының Кербұлақ ауданында жас кәсіпкер Ділназ Көшербай мемлекеттік грант көмегімен жылдам тамақтандыру орталығын ашты.

20 жастағы кәсіпкер Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында туған. Негізгі мамандығы жеңіл өнеркәсіп жабдықтарын ұйымдастырушы. Алайда, бойжеткен әдеттегі жұмыс орнын жеке кәсіпке алмастырды. Ол нарықта жедел дамып жатқан қоғамдық тамақтандыру саласын таңдап, өзі туып-өскен ауылында жылдам тамақтандыру орталығын ашты.

«Оқу орнында білім алып жүріп, түрлі кәсіптерді зерттеп, өзімнің біліктілігім мен мүмкіндіктерімді бағаладым. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолығып, бизнесті жүргізу бойынша кеңес алдым. Мен сияқты ісін енді бастаймын деген азаматтарға «Бастау Бизнес» жобасы үлкен септігін тигізді. Жобаға жазылып, өткен жылы кәсіпкерлікке қатысты білімімді толықтырдым. 555 мың теңге көлемінде грантқа қол жеткізіп, қажетті жабдықтарды сатып алдым», — дейді кәсіпкер.

Жылдам тамақтандыру орталығы Chicken Saryozek деп аталады. Орталық өткен жылдың қыркүйек айынан жұмысын бастады. Келушілер қуырылған тауық өнімдерін, пицца, суши, наггетс, стрипс сияқты бес түрлі тағамға тапсырыс бере алады. Аз уақыт ішінде Ділназдың шағын мейрамханасы жастардың жиі баратын орнына айналды.

«Сарыөзекте қоғамдық тамақтандыру саласы жақсы дамып келеді. Тұрғындардың қуырылған тауық өнімдеріне, пицца мен сушиге қызығушылығы жоғары. Біздің мейрамханада біз тағамдарды жеке рецепт бойынша дайындаймыз. Әзірге айына 240-300 кг тауық етінен дайын өнім шығарып отырмын. Қасымда тағы бір көмекшім бар», — дейді Ділназ.

Қазіргі таңда жас кәсіпкер Chicken Saryozek жылдам тамақтандыру орталығының мәзіріне жаңа тағамдарды қосып, ас әзірлеу технологиясын жетілдіру бағытында жұмыс істеуде. Бірнеше жыл ішінде нысан ірі мейрамханаға айналатынына Ділназдың үміті зор.
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне 1608 жұмыссыз және жас кәсіпкерлер оқытылды. Жоба бойынша өткен жылы және биыл оқытылғандарды ескергенде 695 бизнес-жоба гранттық қаржыландыру мен жеңілдетілген несие алды.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov