Алматы облысында туризм бойынша алғашқы семинар өтті

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Алматы облысының туризм басқармасымен және Қазақстандық туризм қауымдастығымен бірлесіп «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қонақ үйлердің иелері үшін алғашқы тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар тренингтердің арқасында үш күн ішінде қазақстандық туроператорлар мен қонақ үйлердің иелері тамақтандыруды ұйымдастыру, қолөнершілік және туризмнің тұрақты дамуы туралы көп мәлімет алды.

«Қазақстан биыл CBT туризмінің бағыты ретінде Lonely Planet ірі халықаралық жолкөрсеткішінің үздік дестинациялары тізіміне енді. Яғни, біздің елімізде, дәлірек айтсақ, Көлсай мен Алматы облысының басқа бөліктерінде әлемдегі ең жақсы қонақ үйлер бар», — дейді Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова.

Қазіргі шындықты ескере отырып, экотуризм бүкіл әлемде туризмнің басым түріне айналды, ол әлемдік ағынның 30%-ын құрайды. Қазақстанда экотуристер үлесінің ұлғаюына ұқсас үрдіс байқалады. Барлық ішкі туристік ағынның шамамен 20% — ы ұлттық парктерге тиесілі.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туристік өнімдерді дамыту департаментінің директоры Даниел Сержанұлының айтуынша, «Көлсай көлдері» ұлттық паркі, атап айтқанда Саты, бұл жергілікті халықтың туристерден экономикалық, әлеуметтік және өзге де нақты пайда ала отырып, туризмді дамытуға қалай тартылуы мүмкін екендігінің айқын мысалы. Біз туризмнің осы түрін танымал етуге ұмтыламыз.

Айта кету керек, бірнеше жыл бұрын Саты ауылында барлығы 53 қонақ үй жұмыс істеді, ал қазір олардың саны 81-ге жетті. Қонақ үйлер саны да өсуде, егер 2019 жылы мұнда 8 нысан болса, биыл 29 қонақ үй жұмыс істейді.

Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы Kolsay CBT Workshop аясында осы кентте 23 нөмірлі 30-шы қонақ үйдің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен қатар, қайта құру мен кеңейтуден кейін 160 орындық эко-қонақ үй ашылды.

«Алматы облысы елімізде экотуризмді дамыту бойынша, соның ішінде қонақ үйлер саны бойынша көшбасшы болды. Бұл көп жылғы еңбектің, жергілікті халықты үздіксіз оқытудың және өңірдің ойластырылған стратегиясының нәтижесі. Қабылданған қолдау шаралары біздің саланы жаңа сапалы деңгейге шығаруға көмектеседі», — деп атап өтті Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева.

Мәліметпен бөлісу: