Алматы облысындағы ең үздік отбасына 1 млн. теңге табысталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған ұлттық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Шаңырағының шаттығы, босағасының берекесі кетпеген, татулығының қаймағы бұзылмаған отбасылардан аталмыш байқауға 410 өтінім келіп түскен. Солардың ішінде тек 20 жанұя іріктеуден өтсе, бағы мен бабы қатар шапқан 4 отбасы жеңіс тұғырынан көрінді.

Байқауға әртүрлі салада жетістікке жеткен, асырап алған балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар, ұрпақтар сабақтастығы көрініс тапқа, бір салада еңбек етіп жүрген әулеттер қатысты.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов жиналғандарды және бірінші кезекте жеңімпаздарды шын жүректен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ол ұлттық байқау жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілетінін айтты. Оның басты мақсаты – қазақстандық қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мәртебесін арттыру.

Еңбекшіқазақ ауданынан келген Исабековтер отбасы байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанды, олар республикалық кезеңде Алматы облысының намысын қорғайтын болады.
Исабековтар отбасы қыран құстар мен тазыларды өсірумен айналысады, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін жаңғыртады. Сондай-ақ, отбасы бау-бақша өсіруде үлкен тәжірибеге ие, олар өз білгендерімен бөлісіп, ауылдастарына әрдайым көмектеседі. Ұлыбританиядағы Бүркітші халықаралық байқауында отағасы Мұхамед Исабеков «Үздік бүркітші» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, 2013 жылы Қырғызстанда «Құсбегілер» байқауында I орын алды. Жылдың үздік бүркітшісі номинациясы бойынша отағасы «Алтын тұғыр» марапатына ие болды. Ерлі-зайыптылар Исабековтар алты бала тәрбиелеп, олардан10 немере сүйіп отыр. Лайықты отбасы-лайықты марапат! Жеңімпаздар 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сертификат алды.

ІI орынды Талдықорған қаласының Андас отбасы жеңіп алды. III орын Жаркент қаласынан келген Мансұровтар отбасына және Кербұлақ ауданынан 14 бала тәрбиелеп отырған көп балалы Садуақасовтар отбасына берілді.
«Мерейлі отбасы-2021» байқауының жүлдегерлері мен номинанттарына дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетовтің айтуынша, бұл байқаудың маңызы, әсіресе отбасылық құндылықтарды қалыптастыру кезінде өте зор.
«Үлкен бәсекелестік болды, қазылар алқасы отбасы құрамы, отбасылық құндылықтар, еңбек әулеттері сияқты арнайы критерийлер бойынша қатаң іріктеу жүргізді. 410 отбасының ішінен тек төрт отбасы ғана алға шықты. Біздің облысты республикада біздің халықтық салт-дәстүріміз бен кәсіпшілігімізді насихаттайтын, аушы құстарды өсірумен айналысатын Исабековтар отбасы таныстырады. Менің ойымша, мұндай байқаулар болуы керек, өйткені олар отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды сақтауға үлгі болады. Мұндай байқаулар жылдан жылға кең ауқымға ие болуы тиіс», — деді Рахмет Разбекұлы.
Жеңімпаздарға құрмет көрсету мерекелік концертпен және жалпы естелік фотосуретке түсімен жалғасын тапты.

Мәліметпен бөлісу: