Алматы облысында «Жеңіс шыңы» жобасы іске асуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық жастар ресурстық орталығының коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Жаксикельдинов Бахтияр хабарлады.


«Жеңіс шыңы» жобасы арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-ана қамқорлығынан айырылған азаматтар арнайы оқу-курстарын тегін түрде оқи алады. Оқып келген білімгерлерге кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен байқау жарияланып, анықталған жеңімпаз жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, аталмыш жоба қабілеті бар, бірақ дипломы жоқ азаматтарды басқа мекемелерге жұмысқа орналасуына үстемдік ете алады»,- дейді Б.Жаксикельдинов.
Баспасөз мәслихаты барысында 21 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізіліп, оған 2303-нан аса адамның қатысқаны айтылды. Жәрмеңкеге жалпы 254 мекеме қатысып, 4065 бос жұмыс орындары ұсынған. Соның ішінде 1116 жұмыссыз жасқа жолдама беріліп, 304 азамат жұмысқа орналасты.
«Тағыда айта кетер жайт, осыған дейін қала,аудан орталықтарында өткізіліп жүрген жұмыс жәрмеңкесі еңдігі жылдың жоспары бойынша ауылдық округтерде де өткізілмек. Кез келген жұмыс іздеуші азамат немесе азаматшалар біздің арнайы kazng.kz сайтына кіру арқылы бос орындар бөлімін таңдап, қай жерде жұмыс барын орталыққа келмей-ақ үй жағдайында көруіне мүмкіндігі бар.Ол күн сайын жаңаланып, оған ай сайын мониторинг жасалып тұрады»,-деп қосты жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұртаев Дәурен.
Сондай-ақ жиында, жастарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі де сөз етілді. Оны шешу мақсатында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен» келісімге отырып, Жастарға қызмет көрсету орталығына терминал орнату жоспарланғаны айтылды. Осы жерге келген әр азамат шот ашып, бірден картаға ақша салу мүмкіндігіне ие болады. Атқарылатын жұмыстарға байланысты жастар арасында насихат жүргізіліп жатқандығы белгілі болды.

Мәліметпен бөлісу: