Алматы облысының әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі

Арнаулы әлеуметтік қызмет жүйесін жаңғырту екі кезең арқылы іске асырылады. Бірінші кезеңде стандарттарды жетілдіру мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің сипатын күшейту қолға алынды. Екінші кезеңде жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік ұйымдардың тыныс-тіршілігі мұқият таразыланып, олардың ауқымында кадрлар даярлау мектептері, оңалту орталықтарын іске қосылу көзделген.Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары 2009 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы кезге дейін бірқатар жаңашылдықтар, өзгерістер болды. Атап айтсақ, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары енгізілді, бұрындары жалпы сипаттағы оңалту қызметтері ұсынылған болса, енді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіле бастады, сондай-ақ азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымды таңдау құқығы берілді. Дегенмен, уақыт өткен сайын қоғам да бір орында тұрмай, дамыйтыны анық. Сондықтан қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту қажет, яғни көмекке мұқтаж адамдардың өмір сапасын жақсартатын өзгерістерге бет бұруымыз керек», — деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ілімжанова Зайда.
Осы әлеуметтік жобалардың бірі бүгінде Талдықорған қаласында «Асар» фитнес клубы. Осы спортттық-сауықтыру орталығы мүгедектерге оңалту қызметтерін ұсынуға себепкер бола отырып, мүгедектігі бар азаматтардың игілігіне жұмыстар атқарылуда.

Мәліметпен бөлісу: