Алматы облысының «Талдау және болжау» орталығы кезекті келісім шартқа отырды

Алматы облысының «Талдау және болжау» орталығын қалыптастыру мақсатында тұрақты ортаны дамытуға, азаматтық қоғам және нарығын талдау, Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімдерді әзірлеу және ұсыну нәтижелерін зерттеу процестерін қадағалау үшін «Альтернатива» зерттеу орталығымен меморандумға қол қойды. Осы жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

«Альтернатива » зерттеу орталығы саяси аренада 2006 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді. Орталықтың көмегімен «Талдау және болжау» орталығы SPSS бағдарлама қондырғысы арқылы алынған мәліметтерді өңдеп, содан белгілі бір қорытынды шығара алады. Оның есебі наурыз айының соңында шығады. Орталықтың қызметкерлері сауалнаманы өткізген 10 адамның кодтауына 1-2 сағат көлемінде өтсе, қазір оған 5-10 минут уақыт кетеді. Қазіргі таңда, соңғы аналитикалық талдау кезіңіне жетті.

«2006 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан, «Альтернатива өзекті зерттеулер» орталығының директоры Чеботарёв Андрей Евгеньевич біздің орталықпен кездесуге, біліктілігімен бөлісуге келісті. Сондай-ақ бүгінгі кездесуіміздің негізгі мақсаты көптеген әлеуметтік саладағы мәселелерге қандай зерттеу әдістерін қолдану керек екеніндігін біздің қызметкерлерге дәріс өткізді. Оның ішінде ажырасуға қатысты, тастанды балаларға байланысты, облысымыздағы қарттар үйінің жағдайына орай қандай форматта жүргізілетіні,қандай әдіс-тәсілдерді қолданылатыны жайлы, өзінің жеке іс-тәжірибесімен таныстырып, мағлұмат берді»,- деп қорытындылады «Талдау және болжау » орталығының басшысы Игенбай Айдос.

Мәліметпен бөлісу: