Алматыда Конституцияға енгізілетін түзетулерге қолдау білдірілді

Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия өкілдерінің қаланың Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында қоғамдық талқылауға шығарылған Конституцияға енгізілетін түзетулер, сондай-ақ жаңартылған мемлекеттік-құқықтық модельді қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі талқыланды.

Қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап, жүргізіліп жатқан реформаның елдің саяси жаңғыруындағы негізгі кезеңдердің бірі екенін және мемлекеттік құрылымның базалық қағидаттарын қамтитынын атап өтті. Атап айтқанда, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту және мемлекеттік институттардың есептілігін арттыру мәселелері сөз болды.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Ата заңды талқылау барысында ашық әрі жауапты қоғамдық диалогтың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, реформалардың тұрақтылығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде қоғамның белсенді қатысуы шешуші рөл атқарады.

– Сындарлы сын шектелмеуі тиіс. Ашық талқылау мүмкіндігінің өзін қоғамдық құндылық ретінде бағалауымыз қажет. Тек диалог арқылы ғана қоғам қабылдайтын әрі ұзақ мерзімде тиімді жұмыс істейтін шешімдерге қол жеткізуге болады, – деді Ермұрат Бәпи.

Сондай-ақ ол реформалар кезеңінде қоғамдық келісімді сақтау және сезімтал тақырыптар төңірегінде алыпсатарлыққа жол бермеу қажеттігіне назар аударды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыртқы сын-қатерлер жағдайындағы ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің маңызына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

– Жаңа Конституция жобасында жаһандық саясаттағы тұрақсыздық жағдайында елдің тұрақтылығы мен аумақтық тұтастығын сақтауға арналған тетіктер қарастырылған, – деді Ерлан Саиров.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер елдің ұзақ мерзімді дамуына бағдарланған және қазіргі ішкі әрі сыртқы сын-қатерлерге жауап береді.

Кездесу барысында Конституция преамбуласының мазмұнына ерекше назар аударылды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі Үнзила Шапақ преамбула Ата заң мәтінінің тұтастай құндылықтық бағдарын айқындайтынын атап өтті.

– Конституция – мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық келісімнің көрінісі. Преамбулада ұлт бірлігі, мемлекеттің унитарлық сипаты, шекаралардың мызғымастығы мен аумақтық тұтастық нақты бекітілуі тиіс, – деді Үнзила Шапақ.

Оның айтуынша, жаңартылған Ата заң Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін, сондай-ақ ұлттық мүдделер мен тарихи сабақтастықты ескеруі қажет.

Ұсынылып отырған өзгерістердің өзектілігіне қатысты пікірін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Совет Сейітов білдірді. Оның сөзінше, Қазақстан саяси және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр, бұл өз кезегінде Ата заңды жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ ол жастарды талқылау процесіне тартудың маңыздылығын атап өтті.

– Бұл – баршамыз өмір сүретін Конституция. Ең алдымен, жас ұрпақ үшін. Сондықтан бейжай қалмай, алдағы референдумда талқылау мен дауыс беруге белсенді қатысу маңызды, – деді ол.

Конституциялық өзгерістердің әлеуметтік және құқық қорғау аспектілері туралы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Богдан Джепка баяндады. Оның айтуынша, қолданыстағы бірқатар нормалар қазіргі заман талаптарына сай жаңартуды қажет етеді.

– Бүгінде әлем қарқынды өзгеріп жатыр: цифрландыру, жасанды интеллект, жаңа әлеуметтік сын-қатерлер. Осы тұрғыда Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер дер кезінде қолға алынып отыр, – деді ол.

Оның пікірінше, ұсынылып отырған түзетулер мемлекеттік жүйені неғұрлым икемді әрі бюрократиядан арылған етіп, билікті азаматтарға жақындата түсуі мүмкін. Ол ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша тоқталды.

– Жоба аясында сайлау процесінде әйелдер мен мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық квотаның сақталғаны мен үшін аса маңызды. Бұл – елдің әлеуметтік дамуына қатысу мен ықпал етудің нақты тетігі, – деді Богдан Джепка.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Рустам Қайрыев конституциялық өзгерістердің әлемдік тәжірибеде қалыпты құбылыс екенін және оларды халыққа түсінікті тілде түсіндіру қажеттігін атап өтті.

– Азаматтардың ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін нақты түсінуі үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да қолжетімді форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, – деп қосты ол.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістерді қолдады. Сондай-ақ мұндай диалог алаңдары жүріп жатқан конституциялық реформа аясында сарапшылар мен қоғамдық қауымдастықтың пікірін ескеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

В Алматы высказались в поддержку поправок в Конституцию

В Алматы состоялась встреча депутатов Мажилиса Парламента РК и представителей Комиссии по конституционной реформе с членами Общественного совета города. В ходе встречи были обсуждены поправки в Конституцию, вынесенные на общественное обсуждение, а также участие гражданского общества в формировании обновленной правовой модели государства.

Участники поддержали проект новой Конституции и отметили, что проводимая реформа является одним из ключевых этапов политической модернизации страны и затрагивает базовые принципы государственного устройства. Речь идет о перераспределении полномочий между ветвями власти, усилении роли Парламента, расширении гарантий прав и свобод граждан и повышении подотчетности государственных институтов.

Депутат Мажилиса Ермурат Бапи подчеркнул важность открытого и ответственного общественного диалога при обсуждении Основного закона. По его словам, именно вовлеченность общества позволяет обеспечить устойчивость и легитимность реформ.

– Конструктивная критика не должна ограничиваться. Мы должны ценить саму возможность открытого обсуждения как общественную ценность. Только через диалог можно прийти к решениям, которые будут приняты обществом и будут работать в долгосрочной перспективе, – отметил Ермурат Бапи.

Он также обратил внимание на необходимость сохранения общественного согласия и недопущения спекуляций вокруг чувствительных тем в период реформ.

Депутат Мажилиса Ерлан Саиров, говоря о значении предлагаемых конституционных изменений в условиях внешних вызовов, отметил их ориентированность на обеспечение устойчивости государства.

– Проект новой Конституции предусматривает механизмы сохранения стабильности и территориальной целостности страны в условиях турбулентности мировой политики, – отметил Ерлан Саиров.

По его словам, предлагаемые изменения ориентированы на долгосрочное развитие страны и отвечают современным внутренним и внешним вызовам.

Отдельное внимание в ходе встречи было уделено содержанию преамбулы Конституции. Член Комиссии по конституционной реформе Унзила Шапак отметила, что преамбула определяет ценностные ориентиры всего текста Основного закона.

– Конституция – это выражение общественного согласия между государством и народом. В преамбуле должны быть четко зафиксированы единство нации, унитарный характер государства, нерушимость границ и территориальная целостность, – подчеркнула Унзила Шапак.

Она добавила, что обновленный Основной закон должен учитывать как международные правовые обязательства Казахстана, так и национальные интересы и историческую преемственность.

Свою позицию по актуальности предлагаемых изменений высказал член Общественного совета города Алматы Совет Сеитов. По его словам, Казахстан вступает в новый этап политического и экономического развития, что объективно требует обновления Основного закона. Он также подчеркнул важность вовлечения молодежи в процесс обсуждения.

– Это Конституция, по которой нам всем жить. В первую очередь – молодому поколению. Поэтому важно не быть равнодушными и активно участвовать в обсуждении и голосовании на предстоящем референдуме, – подчеркнул он.

О социальной и правозащитной составляющей конституционных изменений рассказал член Общественного совета города Алматы Богдан Джепка. Он отметил, что многие действующие нормы нуждаются в обновлении с учетом современных реалий.

– Сегодня мир стремительно меняется – цифровизация, искусственный интеллект, новые социальные вызовы. В этом контексте изменения, которые вносятся в Конституцию, являются своевременными, – заявил он.

По его словам, предлагаемые поправки могут сделать государственную систему более мобильной и менее бюрократизированной, приблизив власть к гражданам. Особое внимание он уделил вопросам защиты прав людей с ограниченными возможностями.

– Для меня принципиально важно, что в проекте сохранена 30-процентная квота для женщин и людей с инвалидностью в избирательном процессе. Это реальный инструмент участия и влияния на социальное развитие страны, – отметил Богдан Джепка.

Член Общественного совета города Алматы Рустам Кайрыев подчеркнул, что конституционные изменения являются нормальной мировой практикой и требуют разъяснения в доступной форме.

– Важно выстраивать разъяснительную работу в понятном формате, в том числе через средства массовой информации, чтобы у граждан было четкое понимание сути предлагаемых изменений, – добавил он.

По итогам обсуждения участники поддержали предлагаемые изменения. Также было отмечено, что подобные диалоговые площадки позволяют учитывать позиции экспертного и общественного сообщества в рамках продолжающейся конституционной реформы.

Мәліметпен бөлісу: