Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 07. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Алтын бесік

22 желтоқсан күні Қаратал аудандық әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер, облыстық Фермерлер одағының төрағасы Ақшабай Керімбеков сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесуде Ақшабай Дүйсенбекұлы «Ауыл» ХДПП-ның 5 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, аграрлық өнеркәсіп кешенін қолдау, ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік саясатты жақсарту, ұлттық идеологияны құру және қандастарды қолдау сынды мәселелердің көтерілетінін жеткізді. Үміткердің айтуынша, алдағы қаңтардың 10 күні өтетін ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына «Ауыл» партиясынан тізім бойынша 625 кандидат ұсынылған. Оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісіне 19 адам, облыстарға және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына 98 адам, аудандық және облыстық маңызы бар қалалық мәслихаттарға 508 адам үміткер ретінде қатысады. Қазір барлық 17 өңірлік және 177 аудандық штаб белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарына кіріскен. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес барлық өңірлерде халықпен, жұмыс ұжымдарымен кездесулер өткізілуде. Ақшабай Керімбеков өз бағдарламасында жанар-жағармай бағасын төмендетуге, ұсақ шаруашылықтарға қолжетімді несие беруге, жемшөпті субсидиялауға баса назар аударып отырғанын жеткізді. Үміткер Ақшабай Дүйсенбекұлы: – Жүрегі ауылым деп соққан азаматтар «Ауыл» партиясының құрамынан көрініп, өзінің туған жері мен еліне қызмет етуі керек. «Ауыл» партиясы үлкен саяси күшке айналса, ауылшаруашылығы саласы өркендейді, – деп көпшіліктің көкейін тербеген мәселенің маңыздылығын түсіндіріп өтті. Залдан сөз алған Қаратал аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Абақов биыл жергілікті жұртшылық су тапшылығын сезінгенін атап, егістікке су жеткізу үшін арықтарды тазалау, бұзылған арналарды, су жүйелерін қалпына келтіру керектігін алға тартты. Әсіресе, Ұмтыл, Жасталап ауылдарына баратын су жүйелерін қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, «Қазсушар» РМК Алматы филиалының Қаратал өндірістік учаскесі» мекемесі жасап бермесе, тұрғындардың шамасы келмейтінін айтты. Жұрт тері өңдеп, киім мен тұрмыстық заттар жасайтын кәсіпорындар іске қосылса екен дейді. Жалпы, сайлаушылар ауылшаруашылық өнімдерін заман талабына сай өңдеуден өткізіп, халық игілігіне жарату жолы қарастырылса деген өтініш білдірді.

Асхат ӨМІРБАЕВ

Қаратал ауданы

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov