
Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды кезеңдері талқыланды.
Отырыстың негізгі күн тәртібі:
✅ Қоғамдық қабылдау жұмысын жандандыру: Халықпен кері байланысты күшейту – біздің басты міндетіміз. Мәслихат депутаттарының қоғамдық қабылдаулары әрбір тұрғынның мұң-мұқтажына құлақ түретін, нақты проблемаларды шешуге бағытталған тиімді алаңға айналуы тиіс.
✅ Сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы: 2023-2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының аудандық Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Фракция мүшелері тиісті салаларға жауапты аудан әкімінің орынбасарының есебін тыңдады:
Экономика және қаржы: Аудан бюджетінің тиімді жұмсалуы.
Сәулет және қалақұрылысы: Елді мекендердің көркі мен сапалы құрылыс.
ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы: Халықтың әлеуметтік жағдайы мен коммуналдық мәселелер.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары: Жол сапасын арттыру және көлік қатынасын оңтайландыру.
Фракцияның ұстанымы: «AMANAT» депутаттары әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайды. Есеп беру – тек цифрлар мен жоспар емес, ол – халыққа берген уәденің орындалуы. Алдымызда тұрған мақсат – Алакөл ауданының әрбір тұрғыны үшін жайлы әрі сапалы өмір сүру жағдайын жасау.
