«AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” экоакциясы өз жалғасын табуда


Жетісу облыстық партия мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері апта сайынғы “Таза бейсенбі” экологиялық акциясында аясында ауыл-аймақты қоқыстан арылтты. Барлығы 48 учаскі қамтылып, 93 тонна қоқыс шығарылды. Осылайша қараусыз қалған жерлерді тәртіпке келтірді.

«Бүгін біз экоакцияы Ескелді ауданында жалғастырып жатырмыз. Аталмыш шара Жетісу облысының барлық ауданында өтіп, 500 –ге жуық адам қатысты. Мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру», – деп атап өтті “AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы.

Тазалық шарасына түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, еріктілер, белсенді жастар, түрлі мекеме қызметкерлі мен тұрғындар қатысты.

Мәліметпен бөлісу: