Амандық Баталов су басқан Тұздыбастау ауылының тұрғындарымен кездесті

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында су басқан аумақтарды тазарту жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Мұнда қардың қарқынды еруі нәтижесінде 27 аула су астында қалған. Облыс әкімі жұмыс барысында су басқан аулаларды тазарту үшін құрал – жабдықтар мен адам күштерінің санын көбейтуді тапсырды. Белсенді жұмыстың нәтижесінде бүгінгі күні 3000 текше метр су сорылды.

«Қазіргі уақытта осы елді мекендегі мәселелер шешімін тапты, бірақ бұл жұмыс аяқталмайды. Су тасқынының алдын алу үшін сарапшылар әлі де жұмыс істеу үстінде. Су астында қалған ауыл тұрғындарының жағдайын аймақтық комиссия жіті бақылауға алып, сонымен қатар материалдық көмек көрсетіледі. Аймақта 144 су қоймасы бар, олар бойынша да жеке жұмыстар жүргізіліп жатыр», — дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

Айта кетейік, ауыл көшелері мен аулаларда жиналған суды тазарту үшін үшін жергілікті атқарушы органдардан шамамен 326 адам, облыстың төтенше жағдайлар департаментінен 177 қызметкер, 132 бірлік техника мен 22 мотор сорғысын қолданды.

 

Мәліметпен бөлісу: