Қамысқала халқымен жолықты


АЭС құрылысын қолдау бойынша халықтық штаб мүшелері Қамысқала ауылдық округінің халқымен жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Көгілдір көлдің көл-көсір байлығын нәсіп етіп отырған ауыл тұрғындары жаңашылдыққа жақын екендіктерін білдіруде. Бұл жайлы тұрғындар жиын барысында жарыс айтты.
Штаб мүшесі Қоңыржай Ксталасова Жолдаудың басым бағыттары жайында сөз қозғаса, облыстық мәслихат депутаты Алмат Садиев АЭС құрылысының мемлекет үшін маңыздылығын түртіп өтті.
«Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы Алмат Есенбеков жастардың бұл жаңашылдықты тодықтай қолдайтынын, АЭС-тің қауіп емес жаңа мүмкіндіктер алып келетінін жеткізіп, 6 қазанда өтетін референдумға келіп, таңдау жасауға шақырды.

Мәліметпен бөлісу: