Қамысқалада «Олжас» шаруа қожалығының 30 балықшысы бір уақытта дауыс берді


Бүгін Қамысқала ауылдық округіндегі №63 сайлау учаскесіне жергілікті «Олжас» шаруа қожалығының 30 балықшысы бір уақытта келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.
Еңбек ұжымының ұйымшылдығы мен белсенділігі сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысына серпін беріп, азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.


Сайлау учаскесінің комиссия мүшелері келген балықшыларды белгіленген тәртіппен тіркеп, олардың дауыс беру процесіне кедергісіз қатысуына жағдай жасады.
Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы – ел өміріне деген жауапкершіліктің және қоғамдық белсенділіктің көрінісі.
Әр дауыс – ел болашағына қосылған маңызды үлес!

Мәліметпен бөлісу: