Аналар кеңесінің төрайымы Таңатова Қайныш апамыз дауыс берді.

Бүгін №58 сайлау учаскесіне Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Алтын құрмет кітабына есімі жазылған, ауданның құрметті азаматы Таңатова Қайныш апамыз келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Қайныш апамыз сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті. Ол жастарды да ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, белсенді болуға шақырды.

Қоғамда сыйлы, көпшілікке үлгі болып жүрген ардақты апамыздың сайлауға қатысуы – тұрғындарға өнеге боларлық игі іс.

Мәліметпен бөлісу: