
Қарасай ауданының емдеу мекемелерінде 85 оттегі концертаторы бар 28 өкпені жасанды тыныс алу аппараты, 1 компьютерлік томография, 2 сандық рентген-аппараты, 75 пульсоксиметр, аудандық аурухананың стационарлық бөлімшелерінде және Үшқоңыр ауылдық ауруханасында 177 оттегі нүктесі бар 2 оттегі станциясы орнатылды. Аталмыш ақпарды Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының орынбасары Руслан Куккузов баспасөз-мәслихаты барысында мәлімдеді.
Дәрігердің мәліметінше, бүгінгі таңда аудан бойынша I деңгейлі инфекциялық стационарда 200 төсек, II деңгейлі инфекциялық стационарда 450 төсек-орын дайын. 2021 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша I деңгейдегі инфекциялық стационарда 72 пациент стационарлық, провизорлық стационарда 276 пациент стационарлық ем қабылдап жатыр.
«Қарасай ауданында да коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация алған адамдардың саныкүн санап артуда. Коронаврисқа қарсы екпенің бірінші компонентін -79265 (52,4%) адам. Екінші компонентті — 60250 тұғын алды»,- деп бөлісті Руслан Куккузов.
Айта кетейік, өткен тәулікте ауданда 20 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Оның 18-і сиптомды болса, 2-де ауру белгілері байқалмаған. Індетке шалдығушылар қатарында жас жеткіншектерде бар. 2020 жылдан бері өңірде 78 бала коронавирус жұқтырған.