Жуырда аудан әкімінің орынбасары Д.Қанағатовтың төрағалық етуімен ерекше күтімді қажет ететін азаматтар заң талаптарына сәйкес босатылған салық түрлерін пысықтау және мемлекеттік сатып алу заңнамасын қолдану процесін түсіндіру мақсатында ақалы жиын өтті.
Оған ауылдық округ әкімдері мен салық жөніндегі бас мамандар, аудандық бөлім, мекеме, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Сөз алған аудан прокуроры Д.Тұрсынов пен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Ахметқалиев күн тәртібіндегі басты мәселе болып отырған мүмкіндігі шектеулі азаматтар төлеуден босатылған салық түрлері және мемлекеттік сатып алу заңнамасының қолданылуы жайлы ақпарат берді.
Аудандық прокуротура тарапынан жүргізілген зерделеу жұмыстарының барысында аталмыш санаттағы 230-дан астам алкөлдіктер мемлекет бюджетіне 350 мың теңгеге жуық артық қаржы құйғаны анықталған. Олар көбіне, жер, жекеменшік мүлік және көлік сынды өтеуге міндеттелмеген салық түрлерін төлеп жүрген. Сондықтан да барлық қаражат мөлшері қайтарылатын болды.
Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары Д.Қанағатов барлық салық мамандарына алдағы уақытта бұндай олқылықтарға жол бергізбей, ерекше күтімді қажет ететін жандарға олардың құқықтары мен мемлекет тарапынан алатын жеңілдіктері жайлы түсіндіріп отыруды міндеттеді.
АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.