Ардагерді еске алды

Жуырда Жанама ауылдық окугінде ауданның Құрметті азаматы, сұрапыл майданды бастан өткерген соғыс ардагері, елге сыйлы, ортасына қадірлі бола білген Ақбаев Қапсеметті еске алу мақсатында самбодан 2005-2007 және 2008-2010 жылдар аралығында туыған ұлдар мен қыздар арасында дүбірлі дода ұйымдастырылды. Оған боз кілем бәсекесінде өз дәрежелірен сынау үшін өңіріміздің түкпір-түкпірінен жас балуандар қатысты.

Сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Байбазаров Қ.Ақбаевтың Алакөлге сіңірген еңбегін және күллі Қазақстан үшін атқарған қызметін баяндаса, аудандық денен шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев жас спортшыларға сәттілік тілеп, тек шын жүйріктер бійге басынан көрінсін деген ниетін білдірді.

Жанама ауылдық округінің әкімі Т.Байзақов жерлестерінің елім деп соққан жүрегі тоқтағаны мен артындағы еңбегі мен ерлігі ұмытыла қоймасын тілге тиек етті.

29 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен жас балуандар жеңіс тұғыына көтерілу үшін барларын салды. Оңайлықпен олжа болар ешкім жоқ. Барлығы да барларын салып, намыстарын қолдан жәбермеу үшін тырысып бақты.

Белдесудің нәтижесі бойынша командалық есепте бұлақтылықтар үшінші, Достық кентінің балуандары екінші орынға жайғасса, бас бәйге үшаралдық самбошыларға бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар және медальдар табысталды.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: