Қазіргі таңда Алакөл аудандық мсәлихаты депутаттығыны үміткер ретінде тіркеліп, өзінің үгіт-насихат жұмыстарын Себепов Асқар да бастап кетті. «Қариясы бар ел — қазыналы ел» демекші, осынау сапарының алғашқы қадамдарын ауданымыздың ардагер ақсақалдарымен жолығып, ақ батасын алудан бастады.
Алакөл өңіріне өзіндік үлесін сіңірген, еңбек ардагерлері Болат Нүсіпбеков пен Әлібек Ыдырышев ағаларымызға арнайы жолығып, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Халық қолдап жатса алдағы уақытта атқарар жұмыстар тізбегін тілге тиек етіп, қарияларымыздың қолдауына ие болды.
Ақсақалдар тарапы көненің көзі, өмірден көрген-білгені мол, айтары мен берері таусылмайтын тарих өкілдері ғой. Бұл кісілердің дуалы сөзі, дұғалі тілегі әр азаматтың жүрегіне күш, жігеріне қайрат берері сөзсіз. Сондықтан да А.Себепов өзінің насихат жұмыстарын ең алдымен күмістей сақалын самиян жел тербеген ұлағатты қарттардан ақ бата алудан бастады.
(Аудандық сайлау қоры тарапынан төленді)