Қарттарым — асыл қазынам



Бүгін, Алакөл ауданы «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Қарттарым асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Қ.Ж.Ксталасованың, аудан әкімінің орынбасары А.М.Қабаевтың және ауданның ардагерлері қатысты.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан, алдыңғы буын ата- әжелеріміз.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қазақ «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» дейді. Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер

Мәліметпен бөлісу: