Қарымды қадамдарға жол ашты

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңестігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Сөз жоқ, «Ұлттың рухани коды» дейтін ұғым кешелі-бүгін ғана емес, Мемлекет басшысының ой санасында әлде нешерет елекке түскен, таразыға тартылған, сан жылдардан бері сарапталып, пісіп-жетіліп, өзінің сын сағатын күтіп келген дүние екені даусыз.

Осы кезеңдерге дейін еліміздегі жүзеге асырылған ірі-ірі жобалар мен стратегиялық бағдарламалардың дені саяси-әлеуметтік, экономикалық теңдіктерге құрылған болатын.Бәрі ретімен және өте сәтті жүзеге асырылып келеді. «Ең бірінші экономика, содан кейін саясат» деген басқару жүйесін Елбасы тегін айтқан жоқ. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  – ұлттық идеалогиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі болар осы үш концепция сөзсіз бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар. Өз алдымызға жеке отау құрып, бабалар аманатына қол жеткізіп, шекарамыздың бәрін айқындап, жаңа тұрпатты тәуелсіз мемлекет құрдық. Алыс-жақындағы алып елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және рухани қарым-қатынасты жолға қойдық. Бұл, әрине, бір ауыз сөзбен түйіп айтуға ғана оңай. Әйтпесе, тәуелсіздіктің осы ширек ғасырында қаншама қиындықтар, шиеленістер, күрмеуі қиын әлеуметтік және ұлттық мәселелермен бетпе-бет келгенін іштеріңіз сезеді. Сол бір қыстаукезеңдерде де көшімізді сүріндірмей, қайғымызды қайрандатпай осы кезге дейін жеткізген ел Президенттінің сарабдал саясаты екенін баршамыз жан жүрегімізбен сезіндік, сезініп текелеміз.

Біз қақпа-тереземізді жауып, есігін іштен іліп алып отырған ел емеспіз. Елбасы алғашқы сәт-сағаттардан бастап-ақ жаңа даму жолына түскен елдің көшін алыс-жақын мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас және бейбіт өмір сүруге бағыттады. Төрт тараппен еркін байланыс орнатып жатқан соң жаһандану дәуірімен бірге келген сан түрлі құбылыстардан бас тарта алмайсың. Сондай кездері, рас, түрлі діни ағымдар мен ұлттық жадымызға, жан дүниемізге қайшы келетін келеңсіздіктерден дееніп кетті. Мұндай жағдайларға табандап қарсы тұратын Президент айтқан – ұлттың рухани коды.

Ұлттың рухани коды дегеніміз не? Ол – сан ғасырлы тарихи тамырымыз, мирас болып келе жатқан атамұра өнеріміз, өзге елден ерекшелеп тұратын дәстүр-салтымыз, әдет-ғұрпымыз, тілдік ерекшеліктеріміз, діни ұсыныстарымыз, білім-ғылымымыз, қоршаған ортамыз, ошағымыз бен отымыздың басы. Президентіміздің бағдарламаға құрылған мақаласында ендігі жерде біздің дамуымыздың негізгі бағыттары болатын алғы шарттар нақтылы көрсетілген.

Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған аталмыш туынды рухани кеңестігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны. ХХI ғасырдағы «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімінің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: