Ашық аудандық шағын футбол жарысы өз мәресіне жетті

2026 жылғы 13–14 маусым күндері Достық ауылдық округінде ашық аудандық шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.

Тартысты додаға ауданның түкпір-түкпірінен барлығы 16 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Екі күнге созылған жарыс барысында командалар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • 🥉 ІІІ орынЕвгей LTD командасы;
  • 🥈 ІІ орынДостық Барыс командасы;
  • 🥇 І орынДС Достық командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Мәліметпен бөлісу: