Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты


✔️Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.

✔️Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.

✔️Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.

✔️Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылған. Жеке инвестор салған ғимараттың ауданы – 3866,5 шаршы метр.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді.

✔️Команда мүшелері қолайлы жағдай жасалғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, волейбол добына қолтаңба қалдыруын сұрады.

Мәліметпен бөлісу: