Атқарылған жұмыстар талқыланды

Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, күн тәртібінде алғашқы жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Сөз алған партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев жүзеге асқан істер бойынша баяндамасын оқып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасындағы»  көрсеткіштердің орындалуы жүзеге асыру, партиялық жобалардың орындалуы бойынша тұрақты түрде жұмыстар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде тұрақты түрде мақалалар жариялау, депутаттық фракция мүшелері атқарылған жұмыстары туралы ай сайын есептерді жолдау сынды тапсырмалар берді.

Бас партияның құр сөздің емес, нақты істің тұғырын көтеріп, халық мүддесіне қарай қадам басуы басты талап. Бұл ретте сайлауалды бағдарламада көзделген басты мақсаттар мен жоспарлардың орындалуын қадағалау аса маңызды.

Жиын барысында депутаттар тарапынан да бірнеше қоғам ойында жүрген мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ,

Алакөл аудандық мәслихатының депутаты.

Мәліметпен бөлісу: