Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 01. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Аудан активі Елбасы Жолдауын тыңдады

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауын аудан активі тыңдады. Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залына жиналған жергілікті билік пен әр саланың жауапты өкілдері Президенттің кезекті Жолдауын тікелей эфирден тамашалады.

Жолдауда Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы таразыланып, алдағы жылы жүзеге асу керек жоспарлар легі пысықталды.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кезекті Жолдау халықтың әлеуметтік ахуалын арттыруға арналды. Нақтырақ айтсақ, нарықтағы бағаның  өсуіне ықпал етіп отырған монополистердің жұмысын құзырлы органдарға тапсыру, еліміздің даму процесін жеделдетіп отырған ауыл шаруашылығы, экономика, құрылыс сынды салалардың жұмысын жандандыру керектігін ескертті. Сонымен қатар білім беру саласында, онда да мектеп пен балабақшада білім берудің мүмкіндіктерін жетілдіруді, әсіресе, үш ауысымдағы мектептерді жойып, шалғай елді мекендерге оқу орындарын салуды Үкіметке тапсырды. Жолдауда ұстаздар қауымын сан түрлі тапсырмалардан босатуды, соған сай мұғалімдер сабақ беруге дайындалуы тиіс екендігін айтып өтті.

Одан бөлек, еліміздегі ЖОО-ларды ірілендіру заман талабынан туындап отырғанын еске салған Елбасы шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы университеттерімен тәжірибелік, теориялық байланысты нығайту қажеттігін алға тартты.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерін қайта атестациядан өткізу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, мемлекеттік органдарды біріктіру, жалақы мәселесі қаралды. Сөз соңында Президент «Өз жеріңді танып біл», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын ұсынып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov