Данабекова Салтанат Мелисовна– Алакөл аудандық маслихат депутаты.

Арқарлы орта мектебінің директоры.
Қымбатты Отандастар!
Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекеміз -Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл- бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазан күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды.
Декларация-еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат. Егемендік декларациясын халықтың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі, тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі деуге болады. Ең бастысы-біз бабалар аңсаған азат елге айналдық.
Республика күні-халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи күн. Осы тарихи, ұлық мерекемізде Қазақстан халқына бақ-береке беріп, ұлттық рухымыз асқақтап, егемендігіміз баянды болсын демекпін. Халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық тілеймін!