Қасымжанова Алмагүл – Алакөл аудандық маслихат депутаты.
Көктұма қазақ орта мектебінің директоры.

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Президент Қасым- Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Республика күні-нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл күй орнайтын ұлттық мереке күні.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанды әлем танып келеді. Өзінің белгіленген шекарасы, тілі мен ділі, мемлекеттік рәміздері, ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт- дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Жазық далаға ел- жүрегі Астана қаласы салынды, оны бүкіл әлем таныды. Тарихымыз шежіреге толы, қазір елімізде ынтымағы жарасқан 100 ден астам ұлт өкілдері тұрады. Шетел асып кеткен қандастарымыз да елге оралып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақта « жақсы сөз- жарым ырыс» дейді, осы күні тілегіміз түзу, ниетіміз ақ, көңіліміз көтеріңкі болсын! Отанымызбен мақтанайық, бірлігімізді нығайтайық, елдігімізді танытайық! Ұлттық мерекені ұлықтайық! Республика күнімен барлық жетісулықтарды құттықтаймын! Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болсын! Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріміз табысты, барлық бастамаларымыз сәтті болсын!