
Менингококты инфекция – ауа-тамшылы механизммен тарайтын, назофарингит және генарализденген түрлерінде өтетін клиникасында қызбамен, интосикациямен, экзантемамен және ми қабаттарының зақымдалуымен сипатталатын антропонозды бактериялы жедел инфекциялық ауру.
Қоздырғышы – Neisseria, meningitidis (Neisseriaceae тұқымдасы, Neissera туысы). Менингококк – клетка ішінде тіршілік ететін, грамм теріс боялатын, капсула түзетін L-түріне айналатын, эндотоксин және нейромидаза өндіретін сыртқы ортада тұрақсыз диплококктар. Антигендік құрамы бойынша 12 серотобы белгілі: А, В, С, Д, V, Z т.б.-оның ішінде А,В,С типтері жиірек кездеседі.
Инфекция көзі әр түрлі клиникалық түрлерімен науқастанған адамдар, бактерия тасымалдаушылар. Жұғу жолы ауа–тамшы. Ауыратындар көбінесе балалар (1–5 жастағы балалар 70 – 80%). Маусымдылығы қыс – көктем айлары (ақпан, мамыр). Кезеңділігі 20-30-40 жыл аралығында. Инфекция қабылдаушылық деңгейі – балалар ортасында бірталай жоғары, ересектер арасында орташа. Инкубациялық кезеңі 1-10 күн (орташа 2-4 тәулік).
Менингококты инфекция клиникалық белгілердің, эпидемиологилық және лабораторлық мәліметтердің көмегімен анықталады:
1. Мұрын жұтқыншақтың бөлінісін, қанды, ликворды т.б. бактериалогиялық тексеру жүргізіледі;
2. Серологиялық тексеру (РПГА) жүргізіледі.
Емі комплексті: тәртіп және диета (клиникалық формаға байланысты)
1. Этиотропты ем;
2. патогенетикалық, дезинтоксикациялық, дегидратациялық (менингит және менингоэнцефалитте), гормонотерапия (көрсеткіш бойынша);
3. Симптоматикалық ем;
4. оксигенотерапия.
Этиотропты ем барлық науқастарға міндетті түрде жүргізіледі. Таңдаулы препараттары: Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/тәулік) 4-8 күн ішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәулік) Левомицетин (50-100 мг/кг тәулік).
Роцефин (50 мг/кг тәулігіне бірақ 4 таблеткадан көп емес 10 күн ішінде) және басқа антибиотиктер монотерапия түрінде.
Профилактикасы: науқастарды уақытында анықтау және изоляциялау, ошақта басқа да эпидемияға қарсы шаралар өткізу. Вакцинациялау (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша).
С.ХАЯБАР,
аудандық «ҰСО» бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасының зертханашысы.