Ауруханадағылар дауыс берді



Бүгінгі сайлаудан ешкімнің де тыс қалмауы аса маңызды. Себебі әр азаматтың дауысы, таңдауы күллі мемлекеттің іргетасын қалауда өзіндік орын алары сөзсіз.
Осы ретте айдынды Алакөл өңірінде аудандық орталық ауруханада ем-дом қабылдап жатқан науқастарға арнайы көшпелі сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Сырқаттар палатадан шықпай-ақ, комиссия мүшелері ұсынған бюллетендер арқылы дауыс берді.


Ем қабылдаушылардың мекенжайы бойынша белгілеп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. Сайлау күнінен бұрын науқастарға ескертіліп, қажетті шаралар қолға алынды. Уағдалы уақытында ауруханадағы азаматтар өз таңдауларын жасап, үміткер белгіленген қағаздарын санақ жәшігіне салды.
«Амалдың жоқтығынан аурухана төсегіне таңылып қалдық. Сайлау болады дегенде өз дауысымызды бере алмай, шет қаламыз ба деп уайымдап едім. Ұйымдастырушыларға рахмет, төсегіміздің жанына дейін келіп, еліміздің кемел келешегі үшін таңдау жасауымызға мүмкіндік берді. Бұл – менің де, сіздің де, әрқайсымыздың да дауысымыздың аса маңызды екендігін көрсетіп тұр»,- дейді, науқастардың бірі Ерлан Нұртазанов.
Қазіргі таңда ауруханадағы науқастар 100 пайыз өз таңдауларын жасады.


Алмат ЕСЕНБЕКОВ,
Алакөл ауданы,
Жетісу облысы.

Мәліметпен бөлісу: