
Талдықорған қаласында «АУЫЛ» партиясының 25 жылдығына арналған жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Ауыл ойындары — 2025» турнирі өтті.
«Ауыл» партиясы орталық аппарат басшысының орынбасары Н.С. Ораш ашылу салтанатының алғашқы сөзін сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирдің қонақтары Жетісу облысы маслихатының төрағасы Г.Қ. Тойлыбаева, облыстық, аудандық маслихат депутаттары «Ауыл» партиясының бұл бастамасына жоғары баға беріп, ыстық лебіздерін білдірді.
Турнирге Жетісу облысы, Алматы облысы, Алматы қаласынан 3 жоғарғы және 4 колледждің студенттері қатысты. Студенттер Асық ату, Ләңгі тебу, Қазақ күресі, Тоғызқұмалақ, Садақ ату, Арқан тартыс, Футзал ойындарынан бақ сынасты.
Жалпы ұпай саны бойынша 3 орын – Алматы қаласы, 2 – орын Жетісу облысы және Алматы облысының командасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Турнирдің негізгі мақсаты — жоғарғы оқу орындары студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттап, және ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қосуды көздейді. Жастар арасында ұмыт болып бара жатқан ұлттық спорт түрлерін қайта жандандыру, жас буынды спортпен айналысуға ынталандыру.