
Ауыл шаруашылығы саласы аудан экономикасының басымдылығына ие бағыттарының бірі. Ауданымызда егін және мал шаруашылығы саласы дамып, тұрғындардың тұрмысы мен әлеуметтік жағдайы жылдан жылға жақсара түсуде.
Аудан экономикасының негізін құрайтын ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылы жалпы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімің көлемі 63 млрд. 116 млн. теңгені құрайды. Жыл басынан ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд. 815 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.
2024 жылы егістік алқабы 82258 гектар игерілді. Оның ішінде, дәнді дақылдар-41868 гектар, майлы дақылдар-22085 гектар, қант қызылшасы-644 гектар, азықтық дақыл-16365 гектар, картоп, бақша, көкеніс дақылдары-1296 гектар жерді құрады.
Былтырғы жылы дәнді дақылдардан 90,7 мың тонна, майлы дақылдардан 45 мың тонна, қант қызылшасы 28,6 мың тонна, картоп 14,2 мың тонна, көкеніс 10,4 тонна, бақша 6,9 тонна өнімдері өндіріліп, егін шаруашылығы өнімі 32 млрд 520 млн. теңгеге жетті.
2025 жылы барлық егіс көлемін 82271 гектарға игеруді жоспарлап отырмыз. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 65 млрд 200 млн. теңгеге жеткізіп, аудан экономикасының дамуына 1 млрд 960 млн. теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда.
Ауданымыздың негізгі басымдықтарының бірі қант қызылшасы. Осы бағытта былтыр «Болат Групп ЛТД» ЖШС-гі 275 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын пайдалана отырып қант қызылшасы өнімін септі. Нәтижесінде, әр гектарына 650-700 центнер тәтті түбір алынды.
«Арқарлы-Майбүйрек» шаруа қожалығы 1,2 млрд инвестиция тартып, 1000 га жерге жаңбырлатып суару әдісін қолданды.
Сонымен қатар, былтыр шаруашылықтардың техника паркі жаңарып, 5,6 процентті құрады. Жалпы құны 1 млрд 109 млн теңгеге 81 дана техникалар мен агрегаттар сатып алынды.
Ауданымызда мал басы тұрақты өсуде. 2025 жылдың 1 қаңтарына ірі қара-72318 бас, қой, ешкі-178733 бас, жылқы 33197 бас, түйе-671 бас және құс 67121 данаға жетті.
Ауданда сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 950 басқа арналған 2 тауарлы сүт фермасы жұмыс жасайды. Сауылған сүт «Фудмастер» сүт компаниясына өткізіледі.
Ауданымызда мал басының тұрақты өсуіне және асыл тұқымды мал үлесін арттыруға көптеген жағдайлар жасалуда.
Аудан әкімінің орынбасары Қабаев Арман Маратұлы