Ауыл тұрғындары сенім білдіруде


Аалкөл ауданының кіреберіс қақпасының тұтқасын ұстаған Көлбай ауылдық округі әкімінің лауазымына үміткер Ержан Шакеров өзінің насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

«Қазақстан Республикасы Заңдары негізінде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының сайлау заңдарына сәйкес ауылдық округ әкіміне үміткер ретінде  алдыма елдің мүддесіне бағытталған басым бағдарламаларды мақсат етіп қоямын»,- дейді үміткер.

Үміткер насихат жұмыстарын медициналық мекемеде жалғасытрып, ақ халатты абзал жандардың ақ тілегін естіп қайтты. Өз сөзінде бұқараның сенімі мен дауысын иемденген жағдайда алдағы 4 жылдық тізгін ұстар уақытта атқарар жұмыстардың тізбегін айтып шықты. Сонымен қатар, осы салада қандай күрделі мәселелар бар екендігін сұрастырып, соны шешудің жолдарын әкім лауазымына отырған мезетте лезде қарастыратыны жеткізді.

Сонымен қатар, Е.Шакеров Көлбай ауылындағы тұрғындармен, көшелермен жекелей аспан астындағы кездесулер жасап, халықтың ұлы екендігін көрсетуде. Ауыл тұрғындарымен сайлауалды бағдарламасын талқыға салып, таразы басына ұсынуда. Көпшіліктің де көңілі жақсы.




(Алакөл аудандық сайлау қоры тарапынан төленді)

Мәліметпен бөлісу: