Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Ауылына қарап азаматын таны

Бір қойы егіз туса, бір бетегесінің басы айыр шығатын жомарт далалы Алакөлдің тумасы, «ZHERSU» корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы, айдынды өңірдің айбынды азаматы Бауыржан Оспанов хақында үш тілде жазылған тәлімді кітап жарық көрді.

Ақырғы оқтарын айдалаға атып, амалдары таусылған талай жанға қол ұшын созып, қолғанат болған, қарапайымдылық пен адамгершілік сынды асыл қасиеттер тұла бойынан тепшіп тұрған жерлесіміздің жақсылығы осылайша халықтан қайтуда.

Педогогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, Германияның доктор-инженері, Ресей білім академиясы Салыстырмалы Педагогика Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайыновтың қаламынан туған «OSPANOV BAURZHAN» атты кітаптың тұсауы кейіпкеріміздің туған өлкесіндегі Жыланды орта мектеп-лицейінің мәжіліс залында кесілді.

Сөз алған туындының авторы Бауыржан Оспановтың өнегелі өмірі жайлы әңгіме өрбітіп, жастарға үлгі боларлықтай тұлға екендігін тілге тиек етсе, әкесі Кеңесбек ақсақал мен анасы Батиха әже ағамыздың балалық шағы хақында қызықты жайттарға тоқталып, көптеген мәліметтерга қанықтырды.

Ауылдың ақ жаулықты апалары мен дуалы ауыз аталары ақжарма тілектерін ағытып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жаудырып жатты.

Артынша Жыланды ауылдық округінің әкімі С.Копчикбаев, Жыланды орта мектеп-лицейінің директоры Ш.Бикенов, ауылдық кітапхананың меңгерушісі А.Ұзабаева сөз алып, дәмі кетпеген дәстүріміз бойынша кітап авторының иығына шапан жапты.

Сонымен қатар ауыл өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылып, шараның соңы көңілді кешке ұласты.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

 

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov