Спорттың бұқаралық сипаттағы түрлерін дамытып, халықты салауатты өмір салтына шақыруда аудан тұрғындары да өзіндік үлесін қосуда. Атап айтсақ, жуырда ұлағатты ұстаз Бірлік Анитовтың зейнетке шығуына орай шағын футболдан тартысты сайыс ұйымдастырған Үшарал қазақ гимназиясы көзге түсті.
Айтқаны өтіп, атқаны жететін, бір ауыз сөзімен бүтіндей бір ортаны елітіп әкететін қадірлі азаматын құрмет биігін көтеріп, дүбірлі доданың жалауын желбіреткен аталмыш білім ордасы осылайша спортты дамытуға серпін беріп отыр. Бұл ізгі істің ізі суымай, алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін олардың сөзінен аңғару болды.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Садиев жалпы спорт ұғымына тоқтала келіп, бүгінгідей жарыстардың маңыздылығын ескере кетсе, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндерінің әдіскері Б.Сыдықов жиналғандар мен зейнет жасына жеткен Б.Смайлханұлына ақжарма тілегін жеткізді.
Үшарал қазақ гимназиясының директоры Қ.Тұрсынбекова құрмет иесінің еібек жолын бір шолып өтсе, жолдасы М.Агитова ұйымдастыру алғасына шексіз алғысын бірлдірді. Аталған мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Алпысбаев доаның өту тәртібімен таныстырып, құрамаларды жарыс алаңына шақырды.
Аяқдопшылар айқасы өте қызу өтіп, көрермендер де тамаша ойнның куәгері болды. Жартылай финалда 4 команда жолығып, ақтық сынға Үшарал қазақ гиназиясы мен С.Иманасов атындағы орта мектебі шықты. Сөйтіп шағын алаңдағы шаңды тартыстың қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар құрамасы бірінші, С.Иманасов атындағы ОМ екінші орынға жайғасты. Тиісінше үшінші орын Үшарал №1 орта мектебіне бұйырды.
Жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Н.ЮСУПБАЕВ.