
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған академиялық тыңдаулар өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Үнзила Шапақ, Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, судьялар, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық қауымдастық мүшелері, жетекші заңгер-ғалымдар, сондай-ақ конституциялық құқық саласындағы тәжірибелі адвокаттар мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын ҚазҰУ заң факультетінің деканы Уәлихан Ахатов ашып, жаңа Конституция жобасының мазмұндық әрі идеялық өзегі преамбулада айқын көрініс тапқанын жеткізді. «Жаңартылған преамбула формалды кіріспе емес, мемлекеттің рухани-идеялық тұғыры, Конституцияның бүкіл мәтінін біріктіріп тұрған құндылықтық бағдар ретінде ұсынылады. Дәл осы бөлімде мемлекеттің тарихи жады, қоғамдық келісімге деген ұмтылысы және болашақ дамудың стратегиялық бағыты жинақталған», – деді Уәлихан Ахатов.
Академиялық тыңдауда мемлекеттік биліктің конституциялық негіздерін нығайту, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін кеңейту және қазіргі қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселесі қарастырылды.

Жиында депутат Үнзила Шапақ Конституциядағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғанын айтты. «Жаңа Конституцияның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап қоғам арасында кеңінен талқылануда. Қазірдің өзінде Конституциялық комиссия түскен ұсыныстарды қарастырып, жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан әлі де жаңа Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Осы орайда, университеттік ғалым-сарапшылармен бірлесіп академиялық тыңдаулар өткізу аса маңызды», – деді депутат.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи өз сөзінде жаңа Конституция жобасын талқылау қоғам үшін айрықша маңызды кезең екенін атап өтті. «Конституция мемлекеттің құқықтық қаңқасы ғана емес, қоғам мен биліктің өзара сенімінің кепілі. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістер ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бұл ретте академиялық орта мен заңгер-ғалымдардың сараптамалық пікірі ерекше маңызға ие. Бұл саяси науқан елдің болашағын сақтауда жасалып жатқан ауқымды бастама», – деді Ермұрат Бапи.
Академиялық тыңдаулар кезінде заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраева, заң ғылымының кандидаты, профессор Лейла Күлтемірова, Алматы қаласы Алатау ауданының судьясы Талғат Дәулетниязов баяндама жасады.
Шара барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда талқылап, ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде талдау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен ұлттық құқықтық дәстүрлерді ескере отырып, ғылыми негізделген ұсыныстар әзірледі.

Нәтижесінде жинақталған сараптамалық ұсынымдар мен талдамалық материалдар алдағы ғылыми-талдамалық, сараптамалық-консультативтік және қоғамдық-ағартушылық қызметте, сондай-ақ конституциялық құқық пен мемлекеттік басқару саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуда пайдалану жоспарлануда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
В КазНУ прошли академические слушания с участием
депутатов Парламента
В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошли академические слушания, посвященные обсуждению проекта новой Конституции. В работе мероприятия приняли участие депутаты Мажилиса Парламента РК: Унзила Шапак, Ермурат Бапи, Ерлан Саиров, судьи, представители государственных органов, члены академического сообщества, ведущие юристы-ученые, а также опытные адвокаты и эксперты в области конституционного права.
Круглый стол открыл декан юридического факультета КазНУ Уалихан Ахатов, отметив, что содержательная и идейная основа нового проекта Конституции ясно отражена в преамбуле. «Обновленная преамбула – это не формальное введение, а духовно-идеологический фундамент государства, ценностная ориентация, объединяющая весь текст Конституции. Именно в этом разделе отражены историческая память государства, стремление к общественному согласию и стратегический вектор будущего развития», – подчеркнул Уалихан Ахатов.
На академических слушаниях обсуждались вопросы укрепления конституционных основ государственной власти, расширения гарантий прав и свобод человека, а также усиления роли правовых институтов в современных социально-политических условиях.
На заседании депутат Унзила Шапак отметила, что изменения в Конституции направлены на усиление защиты прав и свобод граждан, а также на дальнейшее совершенствование системы государственного управления.
«Проект новой Конституции, начиная с его публикации в средствах массовой информации, широко обсуждается в обществе. Уже сейчас Конституционная комиссия рассматривает поступившие предложения и проводит всесторонний анализ. Поэтому в проект еще будут внесены дополнения и изменения. В этом контексте проведение академических слушаний совместно с университетскими учёными-экспертами является особенно важным», – сказала депутат.
Депутат Мажилиса Ермурат Бапи в своем выступлении отметил, что обсуждение проекта новой Конституции является особенно важным этапом для общества. «Конституция – это не только правовой каркас государства, но и гарантия взаимного доверия между обществом и властью. Поэтому предлагаемые изменения прежде всего должны быть направлены на реальную защиту прав и свобод граждан, повышение ответственности государственных институтов. В этом контексте экспертное мнение академического сообщества и юристов – ученых имеет особое значение. Эта политическая инициатива – масштабный шаг, предпринимаемый для сохранения будущего страны», – сказал Ермурат Бапи.
На слушаниях с докладом также выступили доктор юридических наук, профессор Алуа Ибраева, кандидат юридических наук, профессор Лейла Култемирова, а также судья Алатауского района города Алматы Талгат Даулетниязов.
В ходе дискуссии участники подробно обсудили ключевые положения проекта новой Конституции, проанализировали предлагаемые изменения. Кроме того, были подготовлены научно обоснованные рекомендации с учетом международного опыта и национальных правовых традиций.
По итогам слушаний были собраны экспертные предложения и аналитические материалы, которые планируется использовать в дальнейшей научно-аналитической, экспертно-консультативной и просветительской деятельности, а также во время научных исследований в области конституционного права и государственного управления.
Пресс-служба КазНУ имени аль-Фараби
