Қазіргі қоғамның дамуы білімді, белсенді және жауапкершілігі жоғары жастармен тікелей байланысты. Осы тұрғыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері елдің болашағын айқындайтын зияткер қауым ретінде ерекшеленеді. ҚазҰУ жастарға сапалы білім берумен қатар, олардың тұлғалық дамуына, азаматтық көзқарасының қалыптасуына ерекше назар аударады. Университет қабырғасында білім алатын әрбір студент кәсіби біліктілікпен қатар, қоғамдық белсенділік пен көшбасшылық қасиеттерді бойына сіңіреді.
ҚазҰУ студенттері жан-жақты дамуға бағытталған ортада білім алады. Университетте оқу үдерісі студенттердің жеке қабілетін ашуға, өз ойын еркін жеткізе білуіне және дербес шешім қабылдауына негізделген. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарда пікірталас, талдау және топтық жұмыс әдістері кеңінен қолданылады. Бұл студенттердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, кәсіби ортада еркін бейімделуіне ықпал етеді.
Университет жастары ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Студенттік ғылыми үйірмелер, конференциялар мен жобалық байқаулар олардың ғылыми әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. ҚазҰУ студенттері республикалық және халықаралық деңгейдегі білім бәйгелерінде жоғары нәтижелер көрсетіп, университеттің беделін арттыруда. Ғылымға ерте араласу студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастырып, жаңашыл идеялар ұсынуына жол ашады.Сонымен қатар, ҚазҰУ-да студенттердің әлеуметтік және мәдени өміріне де айрықша мән беріледі. Түрлі студенттік ұйымдар, еріктілер қозғалысы мен шығармашылық клубтар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған. Университет қабырғасында ұйымдастырылатын мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шаралар студенттердің ұйымшылдығын арттырып, командалық рухты нығайтады.
ҚазҰУ студенттері тек өз болашағын ойлап қана қоймай, қоғам мәселелеріне бейжай қарамайды. Олар әлеуметтік жобаларға қатысып, қайырымдылық бастамаларды қолдап, ел дамуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Мұндай жауапкершілік сезімі университетте қалыптасқан тәрбиелік ортаның нәтижесі болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері – білімді, белсенді және саналы ұрпақтың жарқын үлгісі. Университет ұсынған білім мен тәрбие олардың кәсіби маман ғана емес, қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді. ҚазҰУ студенттері – ел болашағын сеніммен тапсыруға болатын зияткер күш.
Авторы: Бейсенбек А
Жетекші: Базилова А.А.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
