ҚазҰУ – цифрлық білім беру дәуіріндегі көшбасшы

          Қазіргі заманда цифрландыру білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. ҚазҰУ оқу процесінде заманауи цифрлық технологияларды белсенді қолданады. Электронды платформалар, онлайн дәрістер, қашықтан оқыту жүйесі студенттердің білім алуын жеңілдетеді. Дәрістердің бейнежазбалары, интерактивті тапсырмалар мен онлайн тестілеу жүйелері оқу процесінің ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

Сандық ресурстар арқылы студенттер оқу материалдарын кез келген уақытта пайдалана алады. Бұл олардың уақытын тиімді жоспарлап, өздігінен білім алу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияларды меңгеру – болашақ маман үшін маңызды талаптардың бірі. Университет білім алушыларға заманауи бағдарламалармен жұмыс істеуді, деректерді талдауды, цифрлық қауіпсіздік негіздерін үйретуге басымдық береді. Сонымен қатар, ҚазҰУ-да электронды кітапхана жүйесі, қашықтан кеңес беру және онлайн академиялық қолдау қызметтері жұмыс істейді. Студенттер оқытушылармен онлайн форматта байланыс орнатып, тапсырмалар бойынша кері байланыс ала алады. Бұл білім беру процесінің тиімділігін арттырып, уақыт пен кеңістік шектеулерін азайтады.

Цифрлық технологиялар бағалау жүйесінде де қолданылады. Электронды журналдар мен автоматтандырылған бақылау жүйелері студенттердің оқу жетістіктерін нақты әрі ашық бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл академиялық әділдікті қамтамасыз етіп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді. ҚазҰУ цифрлық трансформация арқылы білім сапасын арттырып, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауда. Университеттің бұл бағыттағы жұмысы оның жаңашыл әрі бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Цифрлық ортада білім алған студенттер өзгермелі еңбек нарығына тез бейімделіп, кәсіби қызметінде заманауи технологияларды еркін қолдана алатын білікті маман болып қалыптасады.

Болат А

Автор:  Темірболат Н.С

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы

Мәліметпен бөлісу: