Абай Құнанбаев – қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасы. Замана көшін алға сүйреп, өз дәуірінің тамырын басып, қалам тербеген арда азаматы.
Ұлы тұлғамыз нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Оның шығармашылығындағы адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттерді көруге болды.
Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік дәрежеде тойланып жатқандығы мәлім. Осы ретте 9807 әскери бөліміндегі тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің ұйымдастыруымен ғұламаның қара сөздерін талқылаумақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Бөлімшенің әскери қызметкерлеріқара сөздерге талдау жасап,мағынасын ашуға тырысты. Абайдың қара сөзін оқыған сайын жаңа тұсынан тани түседі екенсін. Оған себеп, әскери қызметкерлер арасында ұлы тұлғаның 45 қара сөзіне жіті талқылаужүргізілгенінен байқауға болады.
Отан қорғап жүрген шекара қызметкерлері Абайдың әрбір қара сөзін саналарына сіңдіріп жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. Өткені ондағы ой-тұжырымдар ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпақ емес. Абайдың еңбектерін оқып алдымызға мақсат қойсақ, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.
Г.БЕСЕМБАЕВА,
9807 әскери бөлімінің қызметкері.