Қазақстанға АЭС қажет


Баршамызға белгілі Қазақстандағы электр станцияларының 50% — дан астамы көмірмен жұмыс істейді. Ал, көмір станциялары қоршаған ортаны ластайды және адамдардың денсаулығына зиян келтіретіні анық. Қазір станцияларды газға ауыстыру арқылы Алматыдағы түтін мәселесін шешуге тырысуда. Бірақ елде барлық станцияларды газға айналдыру үшін көп газ жоқ және бұл үлкен қаржылық инвестиция мен уақытты қажет етеді.
Атом станциясы-көмірқышқыл газының нөлдік шығарындылары бар электр энергиясының көзі. Бүкіл әлемде атом электр станциялары «жасыл» энергия болып саналады, өйткені олар парниктік газдарды шығармайды. Сондықтан да елімізге атом электр станциясы қажет деп ойлаймын.

Эльдана Серикова

Мәліметпен бөлісу: