ЖОБА
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
- 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 17-бапта 5-2) тармақша алып тасталсын;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) елді мекендер аумағын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру;». - 2008 жылғы 4 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 2-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет туралы заңға (тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешіміне) қосымшалардың қолданысы келесі жоспарлы кезеңге республикалық бюджет туралы заңның (тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешімінің) қолданысқа енгізілуімен күшін жояды (.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджет туралы заң, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңестің шешімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілер тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;
2) 3-бапта:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бекітілген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламенті, тиісті мәслихат және кеңес бекіткен бюджет;»;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) нақтыланған бюджет – Қазақстан Республикасының Парламенті, тиісті мәслихат және кеңес оны орындау барысында қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып бекітілген бюджет;».
3) 5-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін мәслихаттар мен кеңестер шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттар мен кеңестің қарауына енгізілуі мүмкін. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген ережелер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңестер шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы кеңестер шешімдеріне, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің оларды іске асыру туралы шешімдеріне қолданылмайды.»;
4) 9-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері кеңестің шешімімен бекітіледі.»;
5) 10-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның, мәслихаттар мен кеңестердің барлық деңгейдегі тиісті жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.»;
6) 26-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімдері және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ кеңес шешімдері негізінде жасалады.»;
7) 44-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің арасында:
трансферттермен;
бюджеттік кредиттермен;
кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.»;
8) 50-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы жер үсті көздерінің су ресурстарын қоспағанда, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
9) 52-бапта:
1-тармақта:
3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша, аудандық (облыстыө маңызы бар қаланың) мәслихаты айқындайтын кірістерді бөлу нормативтері бойынша заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне елу пайыз мөлшеріндегі салық;»;
11) және 11-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) аудандық бюджеттерге аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымнан түсетін түсімдерді қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
11-1) аудандық бюджеттерге аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақылардың түсімдерін қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;»;
10) 52-1-бапта:
1 тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кірістерді бөлу нормативтері бойынша заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық елу пайыз мөлшерінде төленеді.
Бұл ретте қаланың, аудандық бюджеттің, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті арасындағы табысты бөлудің пайыздық арақатынасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)мәслихаты белгілейді;»;
6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
8) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тізбесін кеңес бекітетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметтерді өткізуінен түсетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін түсімдер.»;
11) 56-1-бапта:
1 тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу, оның ішінде олардың жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін жағдайлар жасау;»;
мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
20) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін басқару.»;
12) 59-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджеттік комиссиялардың құрамына төраға, төрағаның орынбасарлары, хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде бюджеттік комиссиялар құрылмайды.»;
13) 60-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық бюджет туралы заң, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешімі;»;
14) 65-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжауды болжауын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асыратын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жүзеге асырады.»;
15) 65-1-баптың 2-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктердің негізінде айқындалады.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының немесе кеңестің ұсынысы ескеріле отырып айқындалады.»;
16) 66-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.»;
17) 67-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы республикалық бюджет туралы заңда немесе тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінде және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешімінде бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, осы бағдарламалар бойынша онда осы бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептемелер жасалмайды.»;
18) 68-бапта:
3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде, сондай-ақ әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қолжетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының бюджеттік өтінімі қарау үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жіберіледі, ол оған қорытынды дайындайды және өзгерістер енгізбей облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасына енгізеді.»;
19) 70-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының іске асырудан түскен ақшасы тиісті бюджетке аударылатын қызметтерді іске асыру жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесін кеңес айқындайды.»;
20) 73-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«73-1-бап. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы кеңес шешімінің жобасын әзірлеу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына танысу үшін ұсынады.»;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы кеңес шешімі жобасының мәтінін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты әзірлейді және онда мыналар қамтылуға тиіс:»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы кеңес шешімінің жобасына:»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей кеңестің қарауына ұсынады.»;
21) 75-бапта:
1 тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты кеңестің қарауына ағымдағы қаржы жылының 10 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.»;
4) тармақшаның төртінші бөлігіндегі «астананың» деген сөзден кейін «жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасында» деген сөздермен толықтырылсын;»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірмей кеңес бекітеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер мәслихат, кеңес осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде тиісті жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы немесе шешім шығарады, ол мәслихат, кеңес тиісті жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты әзірлейді.»;
5-тармақ мынадай редакциядажазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін бекіту туралы аудандық (қалалық) мәслихаттар шешімдері және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерін бекіту туралы кеңес шешімдері қабылданғаннан кейін күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттер негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.»;
6-тармақ мынадай редакциядажазылсын:
«6. Тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімі) қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) қосымшаларымен бірге жергілікті (өңірлік) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
22) 76-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«76 бап. Өкілді органдар мен кеңестің бюджеттер жобаларын қараудың негізгі принциптері»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Негізділік қағидаты депуттардың және кеңес мүшелерінің өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу қажеттілігін, оларға тиісті есептемелерді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының көрсеткіштерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларда көзделген көрсеткіштерді түзету жөніндегі ұсыныстарды қоса бере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.»;
3-тармақтағы «депутаттар» деген сөзден кейін «және кеңес мүшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 78-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«78 бап. Жергілікті бюджет жобасын тұрақты комиссияларда, мәслихат сессиясында және кеңес отырысында қарау»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес отырысында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын талқылау аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасы бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің баяндамасын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасы бойынша қорытындысы бар кеңес төрағасының баяндамасын қамтиды.»;
24) 79-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«79 бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің республикалық бюджет туралы заңды, жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерін, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімдерін іске асыру туралы шешімі»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қабылданады.
Жергілікті атқарушы органның тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімін-+) іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат (кеңес) тиісті жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік он төрт күн ішінде қабылданады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі шешімінің жобасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың
республикалық бюджет туралы заңды іске асыру, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі қаулыларының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі шешімдерінің жобаларын және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешімін тиісінше, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты әзірлейді.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру туралы қаулыларында, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімінде, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімдері мен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімдерінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне – бюджеттің уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі, жергілікті атқарушы органдарға және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттерді пайдалану бөлігінде берілетін тапсырмалар көзделген.»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдардың тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысына:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімін іске асыру туралы аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешіміне:
1) объектілер бөлінісінде инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) айқындалуы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппаратына жүктелген, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті туралы кеңес шешімін іске асыру үшін қажетті басқа да деректер немесе көрсеткіштер.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық бюджет нақтыланған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы Заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойған күннен бастап он күн ішінде бекітіледі.
Жергілікті бюджет нақтыланған жағдайда, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімі тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімі мен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы кеңес шешімі бекітілгеннен кейін екі апта мерзімде бекітіледі.»;
25) 82-баптың 6-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде жүзеге асырылады.»;
26) 84-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық бюджет туралы заң, тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімі;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы кеңес шешімін іске асыру туралы шешімі;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік органдардың даму жоспарлары; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары; жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламалары;»;
27) 109-1-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті әкімдер мен кеңестің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары қарайды.»;
4 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«4. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтің бюджетін нақтылау аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда кеңестің тиісті шешімі аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады»;
28) 110-бапта:
2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарын қоспағанда, олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аз сомаға бюджет шығыстарын секвестр Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің) шешімі бойынша, он пайыздан астам сомаға бюджет шығыстарын секвестр – заңдар немесе мәслихат, кеңес шешімдері негізінде жүзеге асырыла алады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тиісті бюджеттік комиссияның, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің секвестрлеу туралы шешім қабылдауынан бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган азаматтық-құқықтық мәмілелердің тіркелуін жүзеге асыруды және секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.»;
29) 111-баптың 4-тармағында «жергілікті қоғамдастық жиналысымен» деген сөздер «кеңеспен» деген сөздермен ауыстырылсын.;
30) 131-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге кеңеске, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынады.»;
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері туралы кеңес шешімдеріне қосымшаларға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы есептен;
2) жүргізілген бюджеттік мониторинг пен оның нәтижелерін бағалау негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің түсімдер бойынша атқарылуы, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламаларының орындалуы туралы талдамалық есеп жергілікті бюджеттік бағдарламалардың, жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламасының тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпаратты қамтиды;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті кеңестің отырысында талқылауды жүргізеді. - Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл сайын есепті қаржы жылындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге ағымдағы жылдың 10 наурызынан кешіктірмей облыстың тексеру комиссиясына ұсынады.»;
31) 132-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«132-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары қарағаннан кейін аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың ұсынымдарымен, сондай-ақ облыстың тексеру комиссиясының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есебімен қоса кеңеске жолданады.»;
32) мынадай мазмұндағы 132-1-баппен толықтырылсын:
«132-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту - Кеңес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін есепті қаржы жылы үшін кеңес отырысында мәслихаттан аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы ұсынымдарды және облыстың тексеру комиссиясының есебін алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қарайды.
- Жылдық есепті қараған кезде кеңес:
1) әкімнің не оны алмастыратын адамның бюджеттің атқарылуы туралы және жергілікті қоғамдастықтың даму бағдарламаларының іске асырылуы туралы баяндамасын;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутатының мәслихат сессиясында облыстың тексеру комиссиясымен талқылау қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепке ұсынымдар туралы, оның ішінде бейне-концеренц-байланыс немесе өзге де байланыс құралдары арқылы баяндамасы;
3) әкімнің не оны алмастыратын адамның бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын;
4) кеңес төрағасының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытындысы бар баяндамасын тыңдайды. - Кеңес қарағаннан кейін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп кеңес отырысында бекітіледі.».
- «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, кеңестің көлік саласындағы өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.». - «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»;
2) мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын айқындайды.»;
3) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әкім — жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің келісілген жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіктері берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;»;
6), 6-1), 6-2) тармақшалар алып тасталсын;
9), 9-1), 9-2) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақша алып тасталсын;
4) 2-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
5) 2-1-бап алып тасталсын;
6) 3-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізі»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін құрайды:»;
7) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4 бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін белгіленетін негізгі талаптар мен шектеулер - Жергілікті өкілді және атқарушы органдар өз қызметінде:
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға міндетті;
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстануға тиіс;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. - Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының шегінде бірыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға тыйым салынады.
- Мәслихаттар қабылдайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуге тиіс.»;
8) 6-бапта:
1-тармақта:
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) қалалардың аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жергілікті бюджеттің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының орындалуын бақылау;»
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) және 15-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) әкімнің халықпен есептік кездесуінде көтерілген проблемаларды әкімдіктердің шешуін мониторингтеу;
15-2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау жатады.»;
2-5-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау жатады.»;
мынадай редакциядағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану.»;
9) 11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады, оған міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады. Жабық сессиялар өткізуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, мәслихат хатшысының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен жол беріледі.»;
10) 15-бап мынадай редакциядағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тұрақты комиссияның отырысы, әдетте, ашық сипатта болады, оған міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары шақырылады. Жабық сессиялар өткізуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, мәслихат хатшысының немесе отырысқа қатысып отырған осы комиссия мүшелерінің үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын тұрақты комиссияның шешімімен жол беріледі.»;
11) 19-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады»;
12) 21-бапта:
1-тармақ мынадай редакциядағы 17-1), 17-2) тармақшалармен толықтырылсын:
17-1) әкімдіктің бюджеттік комиссияларының жұмысына қатысуға;
17-2) қажеттілігіне қарай бюджетті нақтылауға бастамашылық жасауға;»
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мәслихат хатшысына не өзі мүшесі болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы жазбаша немесе электрондық түрде алдын ала хабарлауға міндетті.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тиісті мәслихат аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшылары мен басқа да лауазымды адамдары мәслихат депутаттарын кідіріссіз қабылдауға және оларға жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асыруда қажетті жәрдем беруге міндетті.»;
13) мынадай редакциядағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті
Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
4) аппараттың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) мәслихат сессияларын, тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырады;
11) мәслихат шешімдерінің жобаларын, депутаттарды іссапарға жіберу және хатшы немесе тұрақты комиссияның төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтар дайындайды;
12) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
14) 24-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті қоғамдастық кеңесінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.»;
15) 27-бапта:
1-тармақта:
1-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму жоспарына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдер жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;»;
4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асырады;»;
1-тармақтың 21-5) тармақшасы алып тасталсын;
баптың 1-тармағының 33) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалардың аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;»;
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына енгізуді қамтамасыз етеді;»;
16) 29-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекітеді;»;
17) 31-бапта:
1-тармақта:
1-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-8) облыстың даму жоспарын әзірлеуге қатысады және құзыреті шегінде оның орындалуын қамтамасыз етеді;»;
1-9) тармақша алып тасталсын;
1-11) тармақша алып тасталсын;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) облыстық маңызы бар қала аумағында көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) облыстық маңызы бар қала аумағындағы қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешеді;»;
17-2) тармақша алып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) облыстық маңызы бар қала аумағында коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;»;
18) 33-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі өзінің жекелеген өкілеттіктерін жүзеге асыруды қажет болған жағдайда төмен тұрған әкімдерге беруге құқылы.»;
19) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық;
«Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық әкімдіктер құрылмайды.»;
20) 35-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын::
«35 бап. Қаладағы аудан әкімінің құзыреті»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаладағы аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қаладағы аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;»;
10-1) және 10-2) тармақшалар алып тасталсын;
1-1-тармақ алып тасталсын;
1-3 және 1-4-тармақтар алып тасталсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаладағы аудан әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін. - Қаладағы аудан әкімі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы үшін жоғары тұрған әкімнің, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауапты болады.»;
21) 37-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімдік және (немесе) әкім актілерінің қолданылуын тиісті прокурор тоқтата тұруы мүмкін.
Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.»;
22) 3-1-тарау алып тасталсын;
23) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқаруды қамтамасыз етудің жекелеген бағыттары мен тетіктерін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін негіз болып табылады.». - «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына:
6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстық маңызы бар қала әкімдігі, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындайды.». - «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы:
6-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;»; - «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өз қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыратын медиаторлармен қатар медиацияны осы мақсаттар үшін кеңес сайлайтын жергілікті қоғамдастықтың өмірлік тәжірибесі мол, абыройлы және мінсіз беделі бар мүшелері жүргізе алады. - Кеңестің жергілікті қоғамдастық мүшелерін кәсіпқой емес медиаторлар ретінде сайлау туралы хаттамасы он жұмыс күні ішінде осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ 16-бабының 3-тармағына сәйкес мәліметтерді қоса бере отырып, кәсіпқой емес медиаторлар тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға жіберіледі.».
- «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бапта:
3-тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (кеңеспен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
6) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінішхаты негізінде (кеңеспен келісу бойынша) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі деңгейіне беріледі;
7) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлік деңгейіне жататын жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүліктік кешендері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (кеңеспен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының (кеңеспен келісу бойынша) және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімдері негізінде аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі.»;
2) 18-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты кеңеспен келісу бойынша:»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;»;
3) 73-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) коммуналдық мүлікке қатысты – жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ие болады.»;
4) 74-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлікті жалдауға беруші (жалға беруші) береді. Егер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
5) 75-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы, тиісінше жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты береді.»;
6) 124-баптың 1-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысын (ережесін) жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғысын жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бекітеді.»;
7) 126-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттарын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды және олар мемлекеттік мекеменің жарғысында (ережесінде) бекітіледі.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) – осы Заңның 134-бабының талаптарына сәйкес тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, түрін жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайды.»;
8) 130-бапта:
1 тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату – жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының кеңесімен келісу бойынша жүргізіледі.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі жүзеге асырады.»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты – кеңеспен келісім бойынша қайта бөледі.»;
9) 133-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды – Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қалған жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (республикалық кәсіпорындар) немесе жергілікті атқарушы орган не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық кәсіпорындар) құрады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру жергілікті атқарушы органның шешімімен не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппаратының шешімімен жүргізіледі.»;
10) 136-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты осы кәсіпорын бірыңғай мүліктік кешен ретінде әрекет ететін тұста мәмілелер (кепіл, жалдау және басқалар) жасау – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты жергілікті атқарушы органның не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.»;
11) 138-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін – жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен белгілейді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесін жергілікті атқарушы орган немесе кеңеспен келісім бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.»;
12) 154-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын
«1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қазыналық кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзі құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.»;
13) 159-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Республикалық мемлекеттік мекемені – Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік мекемені – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.»;
14) 162-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«162-бап. Мемлекеттік мекеменің жедел басқаруына берілген мүлікті мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша немесе жергілікті атқарушы орган не кеңеспен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген мүлікті алып қоюға не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.»; - «Жарнама туралы» 2013 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы на:
1) 11-баптың 2-1-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппаратына жібереді.»;
2) 17-2-бапта:
2-тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
3) 17-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты:
1) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) хабарламасыз орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнаманы және ғимараттар (құрылыстар) меншік иелерінің, тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының, ғимараттарға (құрылыстарға) өзге де заттық құқықтары бар адамдардың келісімінсіз орналастырылған сыртқы (көрнекі)жарнама объектілерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар береді;
5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру фактісін орналастыру орнын, жарнаманы таратушының атауын және орналастыру күнін міндетті түрде көрсете отырып, оның орналастырылу фактісін бір реттік фото- немесе бейнерастау арқылы анықтайды.»; - «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау үшін ішкі істер органдарымен бірлесіп жергілікті қоғамдастық жиынын ұйымдастырады;» - «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде қоғамдық кеңес құрылмайды.»;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму бағдарламаларының, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын талқылау;»;
3) 6-бап алып тасталсын;
4) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың – мемлекеттік қызметтер көрсетуі, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын және даму жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдарларды және қоғамдық мүдделерге қысым жасалуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.»; - «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) тексеру комиссиясының мүшелерін лауазымға тағайындауға және одан босатуға келісім береді;»;
2) 13-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа және кеңеске ұсыныстар енгізеді;»;
3) 18-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың, кеңестердің шешімдерін және тексеру комиссиясы төрағасының бастамаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі есепті жылда олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарын және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарды қамтиды.»;
4) 28-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ағымдағы бағалау Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мәслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары бюджеттердің атқарылу процесінде тиісті бюджет кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын және уақтылығын, тиісті бюджет туралы заңның (мәслихат мен кеңес шешімінің) бекітілген көрсеткіштерімен салыстыра отырып, бюджет қаражатының нақты жұмсалуын талдайды, ауытқу себептерін және олармен байланысты бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасы заңнамасының олқылықтарын анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.»;
5) 29-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың өз даму жоспарларында және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді, мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде алдыңғы кезеңдер үшін және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды;»;
6) 47-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексеру комиссияларының мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес Тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Есеп комитетімен келісу бойынша тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.»;
7) 51-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты, кеңес тексеру комиссиясынан тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін атқару мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.». - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдауышы;»;
2) 11-баптың 4-тармағының екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жергілікті қоғамдастық жиынын, кеңес отырысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;»;
3) 16-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын және олардың іске асырылуы туралы есептерді;»;
6-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жергілікті қоғамдастық жиынын, кеңестің, қалалық өзін-өзі басқару кеңесінің отырыстарын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;
3) жергілікті қоғамдастық жиынының, кеңес, қалалық өзін-өзі басқару кеңесі отырыстарының хаттамалары, сондай-ақ оларда қабылданған шешімдер;»;
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы;
5) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының тұрғындарға көрсететін қызмет түрлерінің тізбесі және олардың тарифтері орналастырылуға тиіс.»;
4) 17-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне жария талқылау өткізеді.». - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдері аппараттары басшыларының өкілеттіктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді.»; - «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 16-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
2) 39-баптың 3-тармағының 42) тармақшасы алып тасталсын;
«42) егер аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі құндық мәнде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;»;
3) 41-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 1-тармағының талабы олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ осы Заңның 39-бабының 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 42) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.»;
3) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
«50-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ерекшеліктері - Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алу осы Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органдар бекітетін жергілікті өзін-өзі басқару органдары үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.».
- «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «мәслихаттардың» деген сөзден кейін «, кеңестердің» деген сөзбен толықтырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағының 10) тармақшасындағы «мәслихаттардың» деген сөзден кейін «, кеңестердің» деген сөзбен толықтырылсын;
3) 35-1-бапта:
тақырыбындағы «мәслихаттардың» деген сөздерден кейін «кеңестердің» деген сөзбен толықтырылсын;
3 тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерді бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін бекіту немесе нақтылау туралы кеңестің нормативтік құқықтық шешімдері;»;
4) 42-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, кеңестердің нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, егер актілердің өздерінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қабылданады.»;
- «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша кеңестерге және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысуға;». - «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы
14-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) егер осындай іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа ресми, мәдени, мәдени-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, спорттық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының өткізілуі жоспарланса, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылып жатса, бас тартады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті