Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 08. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Қазақстанда Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12-16 мамыр аралығында елімізде республикалық репродуктивті денсаулық апталығы өтеді. Шараның мақсаты – халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулық туралы білімін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтын нығайту. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы репродуктивті денсаулықты қорғау бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Президент отбасы құндылықтарын нығайту мен демографиялық ахуалды жақсарту мәселесіне үнемі айрықша назар аударып келеді.
Апталық аясында облыс бойынша жастар денсаулық орталықтарында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, дәрістер, тренингтер және онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның үйлестіруімен өткізіліп жатқан апталық жасөспірімдер арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың, ерте жүктіліктің және АИТВ жұқтыру жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Сонымен қатар, жатыр мойны обырына қарсы АПВ вакцинациясын түсіндіру жұмыстары да апталықтың маңызды бағыттарының бірі. Былтыр қыркүйектен бастап Қазақстанда 11 жастағы қыздарға арналған вакцинация басталған болатын. Атап өтейік, қазіргі уақытта облыста жатыр мойны қатерлі ісігімен 560 әйел есепте тұр. Ал, адам папиллома вирусымен 3 мыңға жуық адам қамтылған.
Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы халықтың денсаулық мәдениетін арттыруға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге және ақпараттық-ағарту жұмыстарын күшейтуге бағытталып отыр.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov