Қазақстанның демокаратиялық дамуына жаңа серпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумындағы сөзі Қазақстандағы демократиялық процестердің тереңдей түсуіне бағытталған нақты қадамдарды көрсетеді. Мәслихаттың рөлі мен оның мемлекеттік биліктегі маңызының артуы — еліміздің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызды элемент. Әсіресе, облыстық және аудандық деңгейдегі сайлау жүйелерінің өзгеруі саяси бәсекелестікті жандандырып, қоғамның түрлі өкілдерінің саясатқа араласуына мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, мәслихат құрамына әртүрлі саяси партиялардың өкілдерімен қатар, өзін-өзі ұсынған азаматтардың енуі — саяси плюрализмнің дамып жатқанын көрсетеді. Бұрын партиялар түрлі санаттағы азаматтармен жұмыс істеуге аз көңіл бөлген болса, қазір жаңа заң талаптары жастар мен әйелдердің саясатқа белсенді қатысуына жол ашты. Жастарға арналған квоталар, сондай-ақ әйелдердің өкілдікте санының артуы — бұл өзгерістердің қоғамдағы әлеуметтік әділдік пен теңдікті орнатуға үлес қосып жатқанын көрсетеді.

Бұл реформалар Қазақстанның демократиялық жолмен дамуына жаңа серпін беріп, саяси институттардың жұмысын ашық, әділетті және тиімді етуге бағытталған деп сеніммен айтуға болады.

Досан Каримов,

Алакөл аудандық мәслихат төрағасы

Мәліметпен бөлісу: