Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру

Қазақстанның Жоғары оқу орындары халықаралық білім беру стандарттарына көшу мақсатында интернационалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өз сөзінде: “34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет. Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді. Қазақстандық жоғары оқу орындары халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануда.Жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясы шеңберінде Қазақстан шетелдік университеттерді белсенді тартады және озық білім беру бағдарламаларын енгізеді. Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Италия, Оңтүстік Корея және басқа елдердің 34 университетімен келісімдер жасалды.”-, деген болатын.
Елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары Ақтөбе өңірлік университеті базасындағы University Heriot Watt; Ресей химия-технологиялық университеті. Менделеева Таразда; Астанадағы Пекин тілдер және мәдениет университеті; Шымкенттегі Гази университеті; Алматыдағы Квинс университеті жұмыс істейді.Еліміздің 37 жоғары оқу орнында 550 шетелдік студент білім алуда.
Интернационалдандыру стратегиясы білім беру туризмін дамытуға, қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік қоғамдастыққа интеграциялауға, білім беру жүйесін арттыруға бағытталған.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұлжалғас Дүйсебаева

Мәліметпен бөлісу: