
“AMANAT” партиясы Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында жасөспірімдер арасында ұлттық тоғызқұмалақ ойынынан сайыс өтті.
Жарыстың мақсаты – ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және әрі қарай дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауыл спортының деңгейін көтеру, спорттың бұқаралығын арттыру
Өңірімізде тоғызқұмалақ спорты қарқынды дамып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жас тоғызқұмалақшылар қатары жылдан жылға артып келеді.