АЗЫҚ — ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ


Бүгін, облыстық Мәслихат депутаттары,фракция мүшелері, партиялық мониторинг тобымен бірлесіп, аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізді .


Мониторинг аясында аудан аумағындағы сауда орталықтарында болып,азық-түлік бағаларына зерделеу жұмыстары жасалды. Кәсіп иелеріне топ мүшелері тарапынан бағаны негізсіз қымбаттатпау қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ да, ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА
«AMANAT» партиясының басты мақсаты — қоғамның әрбір мүшесінің жайлы өмір сүруіне қол жеткізу. Осы мақсатта партия құрылымы аянып жатқан жоқ.
«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Көкебаев Қайрат Төребайұлы және Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ауданымызыдағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысып қайтты.


Мұндағы мақсат — құрылыс жұмыстарының сапасын сараптау, әлеуметтік нысандардың белгілі стандарт бойынша салынуын қадағалау. Нысандарды аралау барысында талапқа сай салынып жатқанына көз жеткізіп, мердігер мекемелерге осы үдеден төмендемеуді тапсырды. Құрылыс жұмыстарының сапасы қашанда «AMANAT» партиясы депутатарының басты назарында екенін құрылыс басшысына жеткізілді.

Мәліметпен бөлісу: