
Отбасы күніне орай Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығында тұрғындарға арналған «Бақытты қартаюдың құпиялары. Қаржылық сауаттылық» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Кездесудің басты өзегі – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қолдау, қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ күнделікті өмірде маңызды мәселелер бойынша пайдалы ақпарат ұсыну болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға қаржыны дұрыс жоспарлау, қаражатты тиімді жинақтау, депозит ашу, несие рәсімдеу, тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен қаржылық қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Кездесуге арнайы шақырылған «Әділет» партиясының Алакөл ауданы бойынша филиалының консультанты Тукеева Лаура Қадырбаевна қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы маңызды мәселелерге тоқталды.
Ал Алакөл аудандық «Халық банк» басқарма басшысы Сәрсенбай Ақан Айдынұлы қаржылық сауаттылық, депозит ашу, ақша жинақтау, несие алу және тұрғын үй мәселелері бойынша қатысушыларға пайдалы мағлұмат берді. Баяндамадан кейін тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Кездесу соңында қатысушылар мамандарға өздерінің қаржылық, әлеуметтік және құқықтық мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
