Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті

2025 жылдың 18 желтоқсан күні Үшарал қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) еркін күрестен жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. 

Жарысқа жалпы саны 6 команда, оның ішінде Сарқан ауданы мен Абай облысынан келген қонақ командалар қатысты. Барлығы 110 жас спортшы өзара бақ сынасты. 

Турнирдің мақсаты — жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және дарынды спортшыларды анықтау. 

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.Қатысушылар саны – 110 адам

Мәліметпен бөлісу: